Accessibility links

Астана үлескерлері наразылық шарасын өткізді


«Көктал ауылының оңтүстік-шығыс тұрғын үй кешенінің» үлескерлері құрылыс алаңындағы наразылықта тұр. Астана. 30 наурыз, 2015 жыл.

«Көктал ауылының оңтүстік-шығыс тұрғын үй кешенінің» үлескерлері құрылыс алаңындағы наразылықта тұр. Астана. 30 наурыз, 2015 жыл.

30 наурызда Астанадағы «Көктал ауылының оңтүстік-шығыс тұрғын үй кешені» аталатын нысанның оншақты үлескері құрылыс алаңына жиналып, «Орал-дизайн инвест» компаниясына наразылықтарын білдірді.

Ынталы топтың өкілі Александр Стандиктің айтуынша, үлескерлердің жағдайына қоғам назарын аударту үшін митинг өткізуге қала әкімдігіне өтініш тапсырған. Алайда, митингке рұқсат ала алмаған.

– Біз 884 үлескер «Орал-дизайн инвест» компаниясына ақша салғанбыз. Келісім-шарт бойынша пәтерді 2014 жылдың шілдесінде алуымыз керек еді. Бірақ, құрылыс бітпей, тоқтап қалды. 2015 жылдың 14 ақпанында Астана қалалық құрлысы басқармасы «Орал-дизайн инвест» компаниясы салып жатқан біздің пәтерлерімізді өздеріне алып алғанын білдік. Енді біз баспанасыз қалмақпыз,- дейді Александр Стандикт.

Астана қалалық құрылыс басқармасы төрағасының орынбасары Ержас Айтуғановтың сөзі бойынша, «Көктал ауылының оңтүстік-шығыс тұрғын үй кешенің» жері де, жобасы да әкімдікке тиесілі.

– 2008-2010 жылдардағы мемлекеттік бағдарлама бойынша, шаршы метрі 56 мың теңгелік тұрғын үй салу үшін әкімдік «Орал-дизайн инвест» компаниясымен келісім шартқа отырып, 288 пәтерді салып беруге тапсырыс берген. Ол үшін 92 миллион 600 мың теңге төленді. Тұрғын үй кешенінің жобасы 516 пәтерлік қана болатын. Яғни, қалған 228 пәтерді компания сатып, өзіне пайда табуы керек-ті. Алайда, компания әкімдікке айтпай, бес қабатты үйдің орнына - тоғыз қабат, тоғыз қабаттың орнына 12 қабатты үй салып, үлескерлерге сатқан. Одан бөлек әкімдікке тиесілі 288 пәтерді де сырттай үлескерлерге сатып жіберген. Қазір кіріс басқармасы компанияның әрекетін тергеп жатыр,– деді Ержас Айтуғанов.

Азаттық тілшісі «Орал-дизайн инвест» компаниясының кеңсесіне барып, басшыларымен тілдеспек болған еді. Алайда, күзетші «басшылардың жұмыста жоқтығын» айтып, кеңсеге кіргізбеді. Компания басшыларынан телефонмен жауап алу да мүмкін болмады.

XS
SM
MD
LG