Accessibility links

Украина туын ұстаған қырымдық жазаға кесілді


Белсенді Құртсейіт Абдуллаев сотта отыр. Симферополь, 30 наурыз 2015 жыл.
Белсенді Құртсейіт Абдуллаев сотта отыр. Симферополь, 30 наурыз 2015 жыл.

Ресей аннексиялап алған Қырымдағы Симферополь қаласының аудандық соты белсенді Құртсейіт Абдуллаевты 20 сағат еңбекпен түзеу жазасына кесті. Ол көшеге Украинаның туын ұстап шыққаны үшін жазықты болған.

Белсенді Құртсейіт Абдуллаев 9 наурыз күні украин ақыны Тарас Шевченконы еске алу шарасына Украинаның туын ұстап барған. Ол туға «Қырым деген Украина» деп жазып алған. Бұл ісіне бола жазаға кесілген белсенді Құртсейіт Абдуллаев үкіммен келіспейді. Оның адвокаты да Қырымда Украина туын ұстап шығу қылмыс емес екенін айтады.

Бұған дейін Шевченконы еске алу шарасында Украина туын мен жалауын ұстап шыққан тағы үш адам сотқа тартылған. Сот олардың әрбірін 40 сағат еңбекпен түзеу жазасына тартуды бұйырған.

XS
SM
MD
LG