Accessibility links

БҰҰ: Йеменде шабуылдан ондаған босқын қаза тапты


Йемендіктер Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әуе шабуылынан қираған ғимарат астынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Сана. 26 наурыз 2015 жыл.

Йемендіктер Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әуе шабуылынан қираған ғимарат астынан тірі қалғандарды іздеп жүр. Сана. 26 наурыз 2015 жыл.

БҰҰ дерегі бойынша, Сауд Арабиясы бастаған коалицияның Йеменнің солтүстік-батысындағы Хаджа провинциясында босқындар лагеріне әуеден жасаған соққысынан ондаған адам қаза тауып, жараланған.

Халықаралық миграция ұйымының мәлімдемесінде "лагерге шабуылдан 45 адам өліп, 65 адам жараланғаны" айтылады. Жараланғандар арасында балалар, әйелдер мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері де бар.

Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта сөйлеген Йемен сыртқы істер министрі Рияд Ясин "лагерьді коалиция әуе күштері емес, шииттік хусит көтерілісшілері артиллериядан бомбалағанын" мәлімдеді.

Сауд Арабиясы бастаған Парсы шығанағындағы араб елдері коалициясының әскери-әуе күштері 26 наурыздан бері Йеменде билікті басып алған хусит көтерілісшілеріне әуеден соққы жасап жатыр.

XS
SM
MD
LG