Accessibility links

"Иссыкский вестник" газеті редакторы үстінен іс қозғалды


Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық сотында аудандық "Иссыкский вестник" газетінің бас редакторы Айгүл Мұсабаеваның үстінен "ғайбаттау" айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады "Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымы.

30 наурызда Еңбекшіқазақ аудандық сотында іс бойынша алдын-ала тыңдау өткен. "Әділ сөздің" ақпаратына қарағанда, қылмыстық іс заң колледжі директорының орынбасары Гүлбаршын Мұхамеджанованың газеттегі 2015 жылдың 10 наурызында жарияланған "Смерть под мостом" атты мақаласына қатысты берген шағымы бойынша қозғалған.

Мұхамеджанова колледж студентінің өлімі жайлы жазылған мақалада журналистің "директор орынбасары басшылыққа сілтеп, қаза тапқан студент туралы ақпарат беруден бас тартты" дегенін жалған дейді. Шағымданушы өзінің шын мәнінде тергеу орындарының өтініші бойынша түсінік бермегенін айтады.

Бірақ Айгүл Мұсабаева "Әділ сөзге" Мұхамеджанованың студент жайлы айтудан бас тартқаны рас деген.

Енді екі жақ медиация процедурасына жүгінбек ниетте.

XS
SM
MD
LG