Accessibility links

Президенттікке үміткерге қатысты белсендіге ескерту жасалды


"Трибуна: Ашық алаң" газетінің бас редакторы Жанболат Мамай.
"Трибуна: Ашық алаң" газетінің бас редакторы Жанболат Мамай.

"Трибуна: Ашық алаң" газетінің бас редакторы, азаматтық белсенді Жанболат Мамайға президенттікке Қазақстан коммунистік халықтық партиясы ұсынған кандидат Тұрғын Сыздықовты сынағаны үшін ескерту жасалды. Жанболат Мамайдың Facebook-та хабарлауынша, оған ескертуді бүгін таңертең прокуратура өкілдері тапсырған.

Мамай Facebook-тегі парақшасында 26 наурызда Тұрғын Сыздықовтың сайлау алды үгіт-насихат плакатында түскен суретін сынаған пікір жазған.

Алматы қалалық прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиевтің қолы қойылған ескертуде "Қазақстан республикасының сайлау туралы заңына" сәйкес сайлауға кандидаттардың абыройы мен жеке бас қадыр-қасиетін, іскерлік беделін көпе-көрінеу қаралайтын үгіт-насихат немесе басқа да материалдарды таратпау қажеті айтылған. Прокуратура мұндай ақпарат таратқандардың әкімшілік кодекс бойынша жауапқа тартылатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG