Accessibility links

Назарбаев сайлауалды бағдарламасын жариялады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.

Кезектен тыс президент сайлауына кандидат, қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламасында институционалдық реформалар жасауды ұсынды. Сайлауалды бағдарламасы бүгін ресми БАҚ-та жарияланды.

Назарбаев ұсынған реформалардың бірі - "жекелеген тұлғалардың қорғауына" тәуелді емес кәсіби мемлекеттік қызметкерлер корпусын құру. Назарбаев бұған қоса сот жүйесіне, полицияға сенімді арттырып, армияны модернизациялауға шақырған. Бұдан өзге, президент экономиканы диверсификациялап, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласын дамыту қажеттігін айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев бағдарламасында қазақстандық бірегейлік азаматтық принципіне негізделуі тиіс екенін және "қазақтардың мемлекетті құраушы ұлт ретінде жауапкершілігі барын" айтқан. Кандидат мектеп бағдарламасына "Мәңгілік ел" идеясының құндылықтарын енгізуді ұсынған.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді. Президенттікке кандидат ретінде Назарбаевтан басқа Қазақстан коммунистік халықтық партиясы атынан Тұрғын Сыздықов пен өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов тіркелген.

XS
SM
MD
LG