Accessibility links

Комитет: Ресейлік ет өнімдерінен шошқа еті табылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанның бірнеше облысы мен қаласында дүкендерде сатылып жатқан ресейлік шұжық және ет өнімдері техникалық талаптарға сай келмей сатылымнан алынды деп хабарлады бүгін ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

Комитет ақпаратында наурыз айында Ресейдің Қорған облысындағы "Курганскиймясокомбинат" "Стандарт" кәсіпорны, Омбы облысындағы «Омский Бекон», Орловская облысындағы "Орелпродукт" кәсіпорны, Рязань облысындағы "Мясокомбинат Шиловский" кәсіпорны, мен Мәскеудегі "Черкизовский МПЗ" кәсіпорнының сиыр еті өнімдері, паштет және шұжықтарынан шошқа ДНҚ-сы табылғаны айтылады. Аталған өнімдер құрамында шошқа еті бар деп көрсетілмеген.

Ал Алтай өңіріндегі «Золотой пельмешек» кәсіпорнының тұшпараларынан ішек таяқшалары табылған.

«Черкизовский МПЗ" кәсіпорны, Тольятти қаласындағы «Фабрика качества» кәсіпорнының шұжықтарында натрий нитриті мөлшерден үш есе асып ктекені анықталған.

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті қазір республикадағы супермаркеттер мен дүкен, сауда орындарынан, тауар қоймаларынан аталған кәсіпорындардың өнімдері алынып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG