Accessibility links

Шевцова-Валоваға қатысты сот үкімі шықты


"Ұлтаралық алауыздықты қоздырды" деп айыпталған Татьяна Шевцова-Валованың сотына жиналғандар. Алматы, 12 қаңтар 2015 жыл.
"Ұлтаралық алауыздықты қоздырды" деп айыпталған Татьяна Шевцова-Валованың сотына жиналғандар. Алматы, 12 қаңтар 2015 жыл.

"Ұлтаралық араздықты қоздырды" деп айыпталған алматылық тұрғын Татьяна Шевцова-Валова төрт жылға шартты түрде сотталды деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешмет.

Баспасөз хатшысының Азаттыққа айтуынша, Алатау ауданында қаралған іс бойынша үкім бүгін түстен кейін шыққан. Төрт жылдың үш жылы сынақ мерзімі ретінде белгіленген.

Шевцова-Валова бірнеше әлеуметтік желі қолданушыларының талап-арызы бойынша жауапқа тартылған. Шағымданушылар Шевцова-Валованы Facebook желісіндегі жазбаларында этникалық негізде кемсітушілік пен тіл тигізушілікпен айналысты деп айыптаған. Құқық қорғау орындары оны қылмыстық кодекстің 164 бабы бойынша "ұлтаралық араздықты қоздырды" деп айыптаған.

Татьяна Шевцова-Валованың ісі бойынша сот 12 қаңтарда басталған. Шевцова-Валованың өзі айыбын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG