Accessibility links

Оспановқа айыппұлды кейін төлеуге мұрсат берді


Табиғи монополияларды қорғау агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов. Астана, 13 ақпан 2015 жыл.

Табиғи монополияларды қорғау агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов. Астана, 13 ақпан 2015 жыл.

Коррупцияға қатысты айыпталып, 1,1 миллиард теңге төлеуге үкім кесілген табиғи монополияларды қорғау агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановтың қаржыны төлеу мерзімі алты айға ұзарды деп хабарлады Астана сотына сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Агенттік дерегінше, сот Мұрат Оспановтың айыппұлды төлеу мерзімін алты айға шегеру өтінішін қанағаттандырған.

Оспановқа қатысты үкім 13 ақпанда шыққан. Сот Мұрат Оспановты "табиғи монополиялар субъектісіне қамқорлық жасап, болысқаны үшін» 300 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыптап 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл салып, дүние-мүлкін тәркілеуге үкім шығарған. Үкім бойынша, Оспанов айыппұлды бір ай мерзімде төлеуі тиіс болған.

XS
SM
MD
LG