Accessibility links

Бішкекте Лукашенконың суретін өртеді


Ондуруш Токтонасыров Беларусь президенті Александр Лукашенконың суреті жапсырылған қарақшыны өртеп тұр. Бішкек, 31 наурыз 2015 жыл.

Ондуруш Токтонасыров Беларусь президенті Александр Лукашенконың суреті жапсырылған қарақшыны өртеп тұр. Бішкек, 31 наурыз 2015 жыл.

Қырғызстан астанасы Бішкектегі Жоғарғы Кеңеш ғимараты алдына келген құқық қорғаушы Ондуруш Токтонасыров Беларусь президенті Александр Лукашенконың суреті жапсырылған қарақшыны өртеді.

Токтонасыров бұған дейін бірнеше рет Минскіден бұрынғы қырғыз президенті Құрманбек Бакиевті экстрадициялауды талап етіп, Бішкектегі Беларусь елшілігі алдында қарсылық шарасын өткізген.

Құрманбек Бакиев 2010 жылы көктемде халық наразылығы кезінде Беларуське қашып кеткен. Ол Қырғызстанда бейбіт шерушілерді атуға бұйрық бергені үшін өмірлік түрме жазасына сырттай кесілген.

XS
SM
MD
LG