Accessibility links

Стамбулда кепілге алынған прокурор қаза тапты


Әсіре солшыл "Революциялық халықтық азат ету майданы партиясы" қозғалысының мүшесі делінген адам прокурор Мехмет Селим Кираздың басына тапанша кезеп тұр. Стамбул, 31 наурыз 2015 жыл.

Әсіре солшыл "Революциялық халықтық азат ету майданы партиясы" қозғалысының мүшесі делінген адам прокурор Мехмет Селим Кираздың басына тапанша кезеп тұр. Стамбул, 31 наурыз 2015 жыл.

Стамбулда сот залында кепілге алынған прокурор Мехмет Селим Кираз қаза тапты. Кепілге алған екі адам да полициямен атыс кезінде оққа ұшты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, Мехмет Селим Кираз басынан оқ тиіп, жедел ауруханаға жеткізілгенімен, операция үстінде көз жұмған. Құқық қорғау орындарының хабарлауынша, билік кепілге алған адамдармен келіссөз кезінде атыс үні естілген соң сот ғимаратына басып кіруді шешкен.

Кираз 2013 жылы үкіметке қарсы шерулер кезінде газ толтырылған канистр тиіп қаза тапқан 15 жастағы Беркин Элванның өлімін тергеумен айналысқан.

Прокурорды әсіре солшыл "Революциялық халықтық азат ету майданы партиясы" қозғалысының мүшелері кепілге алғанын мойындады. Олар "Элванның өліміне қатысы бар" полиция қызметкерлерінің сотқа тартылуын және оның өлімінен кейін шеруге қатысқандарға тағылған айыптарды алып тастауды талап еткен. Талаптары орындалмаса, прокурорды өлтіретіндерін айтып қоқан-лоқы жасаған.

XS
SM
MD
LG