Accessibility links

Лозаннада Иран келіссөзі жалғасады


Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзге қатысушы Иран делегациясы. Швейцария, Лозанна, 1 сәуір 2015 жыл.

Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзге қатысушы Иран делегациясы. Швейцария, Лозанна, 1 сәуір 2015 жыл.

Лозаннада өтіп жатқан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз бүгін де жалғасып жатыр. Бұдан бұрын Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келіссөзде алдын-ала уағдаластық жасалғанын хабарлап, батыстық дипломаттар оны жоққа шығарған.

Иран мен әлемдік алты ел АҚШ, Қытай, Ресей, Германия, Ұлыбритания және Францияның сыртқы істер министрлері келіссөзді алдын-ала келісім жобасын жасау мерзімі 31 наурызда аяқталған соң да жалғастырған.

Тараптар Иранның ядролық бағдарламасының кейбір тұстарын біраз уақытқа тоқтатып, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкцияларды жеңілдету туралы уағдаластыққа келуге ұмтылуда. Алдын-ала жасалған келісім бойынша маусым айының соңына дейін түпкілікті келісім жасау жоспарда бар.

Келісімге қол жетсе, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты 12 жылға созылған қайшылық шешілуі мүмкін. Батыс елдері мен Израиль Иранды ядролық қару жасауға ұмтылады деп айыптайды, бірақ Тегеран ол айыптауды жоққа шығарады.

"Бұл мәселені шешуге қатысты барлық негізгі сұрақтар бойынша министрлер деңгейінде келісім жасадық деп толық сеніммен айтуға болады" деген бүгін таңертең Сергей Лавров журналистер алдында.

XS
SM
MD
LG