Accessibility links

Киев: Сепаратистер Широкино селосына шабуылдады


Широкино селосы маңында жүрген ресейшіл сепаратистер мен ЕҚЫҰ-ның бақылау миссиясы. Украина, 30 наурыз 2015 жыл.
Широкино селосы маңында жүрген ресейшіл сепаратистер мен ЕҚЫҰ-ның бақылау миссиясы. Украина, 30 наурыз 2015 жыл.

Украиналық әскерилер Донецк облысының Широкино селосына рсеейшіл сепаратистер шабуыл жасағанын мәлімдеді. Украиналық "Азов" батальонының Facebook-тегі парақшасында шабуыл тойтарылып, екі сарбаздың жараланғаны хабарланды.

Бұған дейін ЕҚЫҰ-ның арнайы бақылау миссиясы Широкино ауданында әскери іс-қимылдар болғанын байқаған. Өткен жексенбі, наурыздың 30-ында село танк пен минометтен атқыланған.

Өткен тәлуікте Донбасста сепаратистер украин әскері позицияларын кемінде 13 рет атқылаған. Шығыс Украинадағы әскери операциялар баспасөз орталығының хабарлауынша, Артемовск мен Авдеевка ауданы маңы атқыланып, ірі калибрлі қару-жарақтан оқ атылған.

Донбасстағы өзін-өзі жариялап алған республикалар өкілдері украиналық әскерилерді өткен тәулікте қақтығысты тоқтату келісімін 21 рет бұзды деп айыптады.

Украина әскері ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығысты тоқтату режимі 15 ақпанда орнаған.​

Бүгін Украина экс-президенті Леонид Кучма, Ресейдің Киевтегі елшісі Михаил Зурабов және ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі Хайди Тальявинидің қатысуымен Шығыс Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі кезекті видеоконференция болады.

XS
SM
MD
LG