Accessibility links

Дадаев Немцовты өлтіруге қатысы жоғын айтты


Борис Немцовтың қазасына байланысты айып тағылған Заур Дадаев сот залында. Мәскеу, 1 сәуір 2015 жыл.

Борис Немцовтың қазасына байланысты айып тағылған Заур Дадаев сот залында. Мәскеу, 1 сәуір 2015 жыл.

Борис Немцовтың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша негізгі айып тағылып отырған Заур Дадаев өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Мәскеу қалалық сотында бүгін өткен отырыста ол Немцовты өлтірген кезде өзі басқа жерде болғанын мәлімдеген. Дадаев өзін тергеушілерге мәліметтер беріп жатыр деп бұған дейін хабарлаған Ресей тергеу комитетінің мәлімдемесін де жоққа шығарған. Заур Дадаев тергеушілерге жауабын өзіне қысым жасалған соң бергенін айтқан.

Мәскеу қалалық соты Немцовтың қазасына қатысты ұсталған үш адам – Хамзат Бахаев, Шагид Губашев және Тамерлан Эскерхановты тұтқындауды заңсыз деп таныды. Сот шешімі бойынша, үшеуі де сәуірдің 8-іне дейін қамауда болады. Бұл уақыт ішінде Мәскеудің Басман соты оларды тұтқындау туралы тергеушілердің сұрауын қайта қарауы тиіс.

Бүгінгі сот отырысында қорғаушылар тұтқындау кезінде процессуалдық заң талаптары бұзылғанын атаған. Басман соты наурыздың 8-і күні бір сот отырысында үш күдіктіні қатар тұтқындауға шешім шығарған. Адвокаттар тұтқындау туралы шешім шығару үшін олардың әрқайсысының ісі жеке қаралуы керектігін айтқан.

XS
SM
MD
LG