Accessibility links

ДБ: Ресей экономикасы әлі де құлдырайды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, келесі екі жылда мұнай бағасының төмендеуі мен батыс елдерінің Ресейге Украинадағы жанжалға киліккені үшін салған санкцияларынан Ресей экономикасы бұған дейін болжанған көрсеткіштен де төмен құлдырайды.

Дүниежүзілік банктің 1 сәуірде жариялаған жаңа есебінде 2015 жылы Ресейдің жалпы ішкі өнімі бұған дейін болжанғандай 2,5 пайызға емес, 3,8 пайызға азаятыны айтылады.

Есепте "әлемде мұнай бағасының арзандауы мен санкцияның күшеюі 2014 жылдың соңында ғана болғандықтан" мұның әсері Ресейде тек өткен жылдың соңғы тоқсанында ғана байқала бастағаны айтылған.

Дүниежүзілік банк мамандары мұнай бағасының арзандауы мен санкция күшеюінің салдары 2015-2016 жылдары ерекше сезіледі деп болжайды.

Сарапшылардың есебінше, Ресейдегі инфляция деңгейі 10 пайызға жетіп, елден 80 миллиард АҚШ долларына жуық капитал сыртқа кетеді. Өткен жылы Ресейден сыртқа кеткен капитал көлемі 151 миллиард АҚШ долларын құраған.

XS
SM
MD
LG