Accessibility links

ИМ Дамаскідегі босқындар лагерін басып алды


Дамаскінің оңтүстік бөлігіндегі палестиналық босқындардың Ярмук лагері, Сирия.

Дамаскінің оңтүстік бөлігіндегі палестиналық босқындардың Ярмук лагері, Сирия.

Сириялық белсенділер мен куәгерлердің хабарлауынша, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары Дамаскінің оңтүстік бөлігіндегі палестиналық босқындар лагерінің "біраз бөлігін" басып алған.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 1 сәуірде 18 мыңға тарта адам паналап отырған Ярмук лагерінде қақтығыс болғанын мәлімдеді.

Содырлар лагерді басып алған тұста Иордания билігі "шекараның Сирия жағындағы зорлық-зомбылыққа" байланысты Сириямен шекарадағы жалғыз бақылау-өткізу бекетінің жабылғанын хабарлады.

Ал Сирия президенті Башар Асадқа қарсы соғысып жатқан көтерілісшілер үкімет әскерінен елдің оңтүстігіндегі Насиб елді мекенін тартып алуға тырысып жатыр.

Сирияда төрт жыл бұрын басталған азаматтық соғыстан 200 мыңнан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG