Accessibility links

Қиыр Шығыста кеме апатынан 43 адам мерт болды


Ресейдің Камчатка түбегінде 2015 жылдың 1 сәуірінде суға батқан кеме үлгісі. (Көрнекі сурет).
Ресейдің Камчатка түбегінде 2015 жылдың 1 сәуірінде суға батқан кеме үлгісі. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Камчатка түбегіндегі Охота теңізінде 1 сәуірде балық аулайтын "Дальный Восток" кемесі суға батып, кемінде 43 адам қаза тапты.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, кемеде болған 132 адамның 63-і құтқарылған. 26 адам із-түзсіз жоғалған.

Ресми ақпаратқа қарағанда, тірі қалғандардың көпшілігіне суық тиіп, тікұшақтармен көршілес Магадан қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Кеменің не себепті суға батқанына қатысты әзірге ресми болжам айтылмады.

Төтенше жағдайлар министрлігіндегі дереккөздің ТАСС агенттігіне хабарлауынша, кеме апатына теңізде қалқып жүрген мұздық себеп болуы мүмкін. Дереккөз кеме суға батарда апаттық дабыл белгісін бермегенін айтады.

"Интерфакс" агенттігі кеме экипажы құрамында ресейліктерден бөлек Латвия, Украина, Мьянма және Вануату азаматтары да болғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG