Accessibility links

Қазақстанда арақтың ең төменгі бағасы қымбаттады


Дүкен сөрелеріндегі арақ-шарап өнімдері, Ақтөбе. (Көрнекі сурет).

Дүкен сөрелеріндегі арақ-шарап өнімдері, Ақтөбе. (Көрнекі сурет).

Қазақстан үкіметі арақ-шарап өнімдерінің бір литрінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын 1300 теңге көлемінде етіп бекітті. Бұл жайлы үкімет қаулысы бүгін ресми баспасөзде жарияланды. Қаулы 10 күннен кейін күшіне енеді.

Өткен жылы арақ-шарап өнімдерінің бөлшек саудадағы бір литрінің ең төменгі бағасы 1120 теңге деп белгіленген. Қазақстан үкіметі бұған дейін 2016 жылы ең төменгі баға 1600 теңгеге дейін қымбаттайды деп хабарлаған.

Үкімет арақ-шарап өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын көтеруді акциздің қымбаттауымен байланысты және негізгі тауарлар бағасының Еуразия экономикалық одағына мүше Ресей, Беларусь және Армениядағы бағамен теңестіру қажеттігінен туындаған дейді.

Биыл ақпанда Ресейде 2009 жылдан бері бірінші рет арақ бағасы арзандаған. Ресей арақ-шарап нарығын реттеу федералдық қызметі 0,5 литрлік бір шөлмек арақ бағасын 185 рубль (шамамен 3,2 АҚШ доллары) деп белгілеген.

XS
SM
MD
LG