Accessibility links

Қиыр Шығыстағы кеме апаты құрбандары саны артты


Охота теңізі (Көрнекі сурет).

Охота теңізі (Көрнекі сурет).

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Камчатка түбегінде суға батқан кемеде қаза болған 54 адамның денесі судан шығарылды. "Дальный Восток" деп аталатын үлкен автономды тоңазыту кемесі 1 сәуір күні кешке Охота теңізінің Камчатка жағалауларында суға батқан.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін кемеде 132 адам болғанын, оның 63-і құтқарылғанын хабарлаған. Апат болған аймақта 26 балық аулау кемесі құтқару жұмыстарына тартылған. Тірі қалғандардың көпшілігі суық тиіп, тікұшақпен Магадан қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

Кеменің не себепті суға батқанына қатысты әзірге ресми болжам айтылмады.

Төтенше жағдайлар министрлігіндегі дереккөздің ТАСС агенттігіне хабарлауынша, кеме апатына теңізде қалқып жүрген мұздық себеп болуы мүмкін. Дереккөз кеме суға батарда апаттық дабыл белгісін бермегенін айтады.

"Интерфакс" агенттігі кеме экипажы құрамында ресейліктерден бөлек Латвия, Украина, Мьянма және Вануату азаматтары да болғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG