Accessibility links

Жавад Зариф: Келіссөзде ілгерілеу бар


Келіссөзге қатысушы Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф журналистер алдында сөйлеп тұр. Лозанна, Швеция, 1 сәуір 2015 жыл.
Келіссөзге қатысушы Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф журналистер алдында сөйлеп тұр. Лозанна, Швеция, 1 сәуір 2015 жыл.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф Лозаннада өтіп жатқан келіссөзде "кәдімгідей алға ілгерілеушілік" барын, бірақ түпкілікті келісім жобасы әлі жасалмағанын мәлімдеді.

Иран мен әлемдік алты держава - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия сыртқы істер министрлері 31 наурызға дейін Иран ядролық бағдарламасына қатысты алдын-ала келісім жобасын жасауы тиіс болған.

Тараптар Иранның ядролық бағдарламасының кейбір тұстарын біраз уақытқа тоқтатып, есесіне бұл елге салынған экономикалық санкцияларды жеңілдету туралы уағдаластыққа қол жеткізуді көздеп отыр. Алдын-ала жасалған келісім бойынша, маусым айының соңына дейін түпкілікті келісім жасау жоспарда бар.

"Біз келіссөзде біршама ілгерілеушілікке қол жеткізгенімізбен, негізгі мәселелер бойынша келіскен жоқпыз" деді Жавад Зариф. Ол кеше түнде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен бірнеше сағат бойы кездесу өткізген.

"Біз маусымның соңына қарай түпкілікті жасалуы қажет келісім жобасына қатысты кейбір мәселелерді қарастырып жатырмыз" деген Жавад Зариф.

XS
SM
MD
LG