Accessibility links

Кенияда қарулы шабуылдан екі адам өлген


"Әл Шабаб" содырлары өлтірген адамдардың денелері жатқан жерде жүрген Кения әскерилері. Короме, 2 желтоқсан 2014 жыл.
"Әл Шабаб" содырлары өлтірген адамдардың денелері жатқан жерде жүрген Кения әскерилері. Короме, 2 желтоқсан 2014 жыл.

Кенияның солтүстік-шығысында бетперде киген қарулы топ студенттер қалашығына шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, 30 адам жараланған.

Кения қауіпсіздік қызметі бүгін Сомалимен шекараға жақын орналасқан Гарисса қаласындағы университет ғимаратын қоршауға алып, қарулы топпен атысқан. Кейбір ақпараттар бойынша, университетке кіре берісте күзет қызметінің екі адамы қаза тапқан. Университет жатақханасына оңды-солды атылған оқтан мерт болғандар саны бұдан көп болуы мүмкін деген қауіп бар.

Халықаралық Қызыл Крест ұйымының Кениядағы өкілдігінің мәлімдеуінше, Кенияда біраз студент кепілге алынған. Шабуылды әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Экстремистік "Әл-Шабаб" тобының содырлары 2011 жылы Кенияда үкімет әскері Сомалиге содырлармен күреске көмектесу үшін жіберілген кезде бірқатар шабуылдар жасаған.

"Әл-Шабаб" тобы Сомали территориясында "ислам халифатын" орнатуды көксейді.

XS
SM
MD
LG