Accessibility links

Ресейде Генрих Ягоданы ақтаудан бас тартты


СССР ОГПУ және НКВД басшысы Генрих Ягода.

СССР ОГПУ және НКВД басшысы Генрих Ягода.

Ресей Жоғарғы соты сталиндік режим кезіндегі жаппай репрессияны ұйымдастырғандардың бірі, СССР-дің мемлекеттік жазалаушы органдары – ОГПУ және НКВД басшысы болған Генрих Ягоданы ақтаудан бас тартты.

Ресей президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі кеңестің төрағасы Михаил Федотов «Интерфакс» агенттігіне Жоғарғы сот шешімін «түгелдей заңды» деп атаған. Саяси репрессиялар құрбандарын ақтау туралы заң бұл репрессияларға өзі қатыспаған адамдарды ғана ақтау мүмкіншілігін қарастырады деген ол.

1923 жылдан бастап ОГПУ басшыларының бірі болған Генрих Ягода 1927 жылдан бастап іс жүзінде сол органды өзі басқарған. СССР-де тұтқындардың жұмыс күшімен тұрғызылған Беломорканал құрылысы үшін 1933 жылы Ленин орденімен марапатталған.

1934 жылы ол бүкіл түзеу-еңбек лагерлері қарамағына берілген НКВД басшысы болып тағайындалған. Осы қызметте ол СССР-де азаматтарды жаппай тұтқындап, азаптап, түрмеге қамау немесе өлім жазасына кесуді орындаған әрі «Үлкен террор» саясатын жүргізген саяси басшылардың бірі болды. Оның қатысуымен бірқатар ірі партия және мемлекет қайраткерлеріне қарсы сот процестері ұйымдастырылған.

1937 жылы Ягоданың өзі де «антисоветтік оңшыл-троцкистік блок» құрамында болған деген айыппен тұтқындалып, бір жылдан соң мемлекетке опасыздық жасаған деген айыппен өлім жазасына кесілген. Генрих Ягода 1938 жылы 15 наурыз күні Мәскеудегі Лубянка түрмесінде атылған. Онымен бірге қылмыстық іс бойынша сотталғандар кейін ақталған.

XS
SM
MD
LG