Accessibility links

Иранға қатысты алдын-ала келісім жасалды


Иран келіссөзіне қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері баспасөз жиынында тұр. Швейцария, Лозанна, 2 сәуір 2015 жыл.
Иран келіссөзіне қатысушы елдердің сыртқы істер министрлері баспасөз жиынында тұр. Швейцария, Лозанна, 2 сәуір 2015 жыл.

Иран мен әлемдік алты держава Тегеранның ядролық бағдарламасының кейбір тұстарын тоқтату туралы "негізгі мәселелерде" келісімге келді.

Швейцарияның Лозанна қаласында өткен келіссөзде жасалған келісім туралы тараптардың бірлескен мәлімдемесін баспасөз жиынында Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини оқыды. Могерини бірнеше күнгі кеңесте қол жеткен уағдаластықты Иранмен келіссөздегі "шешімді қадам" деп атады.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифтің сөзінше, Тегеран мен АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания, және Германия Иран "қол жеткіземіз деп отырған межеден әлі алыс" тұр. Зариф жаңа келісім бойынша, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранға санкциялар салатын барлық қарарлары жойылатынын айтты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Twitter-дегі аккуантында тараптар "Иранның ядролық барламасына қатысты негізгі мәселелерде ортақ шешімге келгенін" және маусымның соңына дейін түпкілікті келісім жасауға таяу уақытта кірісетінін хабарлады.

Иран мен әлемдік алты держава сыртқы істер министрлері мен дипломаттары соңғы сегіз күн бойы тоқтаусыз келіссөз өткізді. Тараптар ядролық бағларламаға қатысты алдын-ала келісімді 31 наурызда жасауға тиіс болатын.

XS
SM
MD
LG