Accessibility links

Қытай экс-министріне айып тағылды


Қытайдың бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжоу Юнкан.

Қытайдың бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжоу Юнкан.

Қытайдың бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжоу Юнканға "пара алған, қызмет өкілетін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпияны жариялаған" деген айыптар тағылды. Қытай мемлекеттік Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Чжоу Юнканның үстінен қозғалған іс елдің солтүстігіндегі Тианджин қалалық сотына жіберілген.

Пекин өткен жылы Чжоу Юнканның бірнеше қылмысқа қатысты күдікпен тұтқындалып, биліктегі Қытай коммунистік партиясынан шығарылғанын жария еткен.

Қазір Чжоу Юнкан Қытай президенті Си Цзиньпин жариялаған коррупцияға қарсы күрес науқаны басталғаннан кейін ұсталған ең ірі саяси тұлға болып отыр.

Қытайда коммунистік партия билікке келген 1949 жылдан бері Чжоу Юнкан сияқты жоғары шенді шенеунік ұсталған емес.

XS
SM
MD
LG