Accessibility links

Сирия ұшақтары шекарадағы бекетін бомбалады


Сириямен шекарадағы өткізу бекетінде тұрған Иордания қауіпсіздік күші қызметкері. Оның арғы жағындағы Сирия жерінен әуеге көтерілген түтін көрінеді. 2 сәуір 2015 жыл.
Сириямен шекарадағы өткізу бекетінде тұрған Иордания қауіпсіздік күші қызметкері. Оның арғы жағындағы Сирия жерінен әуеге көтерілген түтін көрінеді. 2 сәуір 2015 жыл.

Сирияның әскери ұшақтары елдің Иорданиямен шекарасындағы бақылау-өткізу бекетін бомбалады. Сирия президенті Башар Асад үкіметімен соғысып жатқан көтерілісшілер сәуірдің 1-інде Сирияның оңтүстігінде Насиб шекаралық бақылау-өткізу бекетін басып алғанын хабарлаған.

"Әл-Қаида" ұйымымен байланысты "Нусра майданы" тобы да бекетті басып алғанын хабарлағанымен, көтерілісшілер оны жоққа шығарған.

Куәгерлердің Reuters агенттігіне хабарлауынша, "Нусра майданы" жасақтары бақылау-өткізу бекеті аймағына жүздеген көтерілісшілермен және бейбіт тұрғындармен бірге кіріп, иорданиялық жүк көліктерін тонап, басқа да көліктерді ұрлағанын айтқан.

Сирияның оңтүстігіндегі көтерілісші топтармен одақтас "Оңтүстік майдан" тобы бейсенбіде бекет өздерінің бақылауында екенін айтып, "Нусра майданы" сарбаздарынан аймақтан кетуді талап еткенін хабарлаған.

Иордания Сириямен шекарасын сәуірдің 1-інде жапқан.

XS
SM
MD
LG