Accessibility links

"АрселорМиттал Теміртау" қысқарту жайлы хабарды жоққа шығарды


"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы зауыты. (Көрнекі сурет)
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы зауыты. (Көрнекі сурет)

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі осы кәсіпорынның "қызметкерлердің 10 пайызын қысқарту жоспары" туралы осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты жоққа шығарды.

"Компандиядағы қысқарту" туралы хабарға түсінік беруді сұраған Азаттық сауалына "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметі "ол шындыққа жанаспайды" және "бұрмаланған" дегенді ғана айтып, телефон арқылы бұдан басқа ақпарат беруден бас тартты.

Сәуірдің 2-сінде қазақстандық ақпарат агенттіктері "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қаржы істері жөніндегі директоры Суроджит Гхошқа сілтеме жасап, "компанияның қызметкерлер санын азайту жоспары" барын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG