Accessibility links

Панфиловтың жиеніне шабуылға қатысты іс қозғалды


Полиция көліктері. (Көрнекі сурет)

Полиция көліктері. (Көрнекі сурет)

Алматы полициясы қазақстандық композитор Бақытжан Байқадамовтың қызы, Совет одағының батыры генерал Иван Панфиловтың жиені Айгүл Байқадамоваға жасалған шабуыл бойынша "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сәуірдің 2-і күні кешке университет оқытушысы, қоғамдық белсенді Айгүл Байқадамоваға шабуыл жасалғаны жайлы ақпарат тараған. Facebook әлеуметтік желісінде Айгүл Байқадамова шабуыл кезінде ешбір заты жоғалмағанын айтып, бұл оқиғаны "өмірлік ұстанымымен" байланыстыратыны туралы жазған. Айгүл Байқадамова Facebook желісінде екінші дүниежүзілік соғыстың қаһармандары туралы жиі жазып жүреді. Ол сол соғыстың "символы туралы түсініктерді өзгерткісі келетіндермен" жиі пікірталастырып жүрген.

Қалалық ішкі істер департаменті тергеу енді ғана басталғанын айтып, Айгүл Байқадамоваға жасалған шабуылдың оның "ұстанымымен байланысы барына" қатысты түсінік беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG