Accessibility links

Назарбаев Ақтөбеде жұмысшылармен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, осындағы рельсті арқалық зауытында, "Ақтөбе-орталық" кәсіпорнының көлік-логистика орталығында жұмысшылармен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жұмысшылармен кездесуде Назарбаев рельс зауытының индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының озық жобаларының бірі екенін, "Сименс" компаниясының заманауи құрал-жабдықтарымен салынғанын айтқан.

Назарбаевтың сөзінше, соңғы жылдары Ақтөбе облысының дамуына 500 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалып, 500 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген.

Президент бұған қоса Ақтөбедегі "CityShoppingCenter" сауда кешеніне де барған.

XS
SM
MD
LG