Accessibility links

Екінші "қара жәшік" апатқа ұшқыштың қатысын көрсеткен


Апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының ұшқышы Андреас Любиц. Гамбург, 13 қыркүйек 2009 жыл.

Апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының ұшқышы Андреас Любиц. Гамбург, 13 қыркүйек 2009 жыл.

Әуе оқиғаларын тексеретін бюро (ВЕА) Францияда апатқа ұшыраған Germanwings әуе компаниясы ұшағының кеше табылған екінші «қара жәшігіндегі» жазбада ұшақты басқарған екінші ұшқыш Андреас Любицтің апатты «әдейі жасағанын дәлелдейтін деректер барын» мәлімдеген.

ВЕА сарапшыларының айтуынша, Любиц автопилотты ұшақты төмендету режиміне қосып қойып, ұшақ 30 километр биіктіктен жерге келіп соғылғанша бірнеше рет жылдамдықты еселеген. Германиялық тергеушілердің дерегі бойынша, Дюссельдорфтағы Любицтің пәтерінен алынған компьютерде екінші ұшқыштың суицид жасау әдістері және ұшақ кабинасы есігінің құрылымы жайлы ақпараттарды оқып зерттегені анықталған.Сот сарапшылары Любиц ұшақ кабинасының есігін ішінен жауып алып, ұшақты әдейі тауға соққан деген тұжырым жасаған.

Прокуратура апат орнынан тергеушілер 150 адамның ДНК-сын тапқанын, бірақ оларды қаза тапқандардың туыстарының ДНК үлгілерімен салыстыру үшін көп уақыт кететінін хабарлады.

Наурыздың 24-і күні Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып бара жатқан Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы Альпі тауына құлап, ұшақтағы150 адамның барлығы қаза тапқан. Олардың арасында Қазақстанның үш азаматы болған.

XS
SM
MD
LG