Accessibility links

Горбачевтің көлігі жол-көлік оқиғасына ұшыраған


СССР экс-президенті Михаил Горбачев.
СССР экс-президенті Михаил Горбачев.

СССР экс-президенті Михаил Горбачев отырған автокөлік жұма күні Мәскеуде басқа бір көлікпен соқтығысқан, Горбачев зардап шекпеген деп хабарлайды ресейлік баспасөз құралдары.

Оқиға жұма күні түстен кейін Мәскеудің солтүстік-батыс ауданындағы Куусинен көшесінде болған. Горбачев мініп келе жатқан «Мерседес» пен «Рено» автокөлігі соқтығысып қалған.

Михаил Горбачев жол-көлік оқиғасы болған жерге шақыртылған басқа автокөлікке отырып кеткен.

XS
SM
MD
LG