Accessibility links

АҚШ Иранға қатысты Ресейдің қосқан үлесін жоғары бағалайды


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мэри Харф.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мэри Харф.

АҚШ Иранның ядролық бағдарламасының болашағы туралы алдын ала келісімдерге қол жеткізуге Ресейдің қосқан үлесін жоғары бағалайды. Бұл туралы баспасөз брифингінде АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мэри Харф мәлімдеген.

АҚШ үшін Ресеймен ынтымақтастық қаншалықты маңызды болды деген сауалға жауабында АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты АҚШ пен Ресейдің бір ұстанымда болуы келіссөздерді сәтті жүргізуге септесті және ресейлік мамандардың техникалық сараптамасы өте пайдалы болды деп мәлімдеген.

Харф сонымен бірге БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы санкциялар болашағын талқылау барысында да Ресеймен ынтымақтастық болғаны туралы айтқан.

XS
SM
MD
LG