Accessibility links

Роухани алдын ала келісімді орындауға шақырды


Иран президенті Хасан Роухани. Тегеран, 3 сәуір 2015 жыл.

Иран президенті Хасан Роухани. Тегеран, 3 сәуір 2015 жыл.

Иран президенті Хасан Роухани егер әлемдік алты держава осы аптада қол қойылған алдын ала келісім талаптарын бұзбайтын болса, Тегеран да оның шарттарын орындайды деп мәлімдеді.

«Біздің ешкімді алдау ниетіміз жоқ» деген Иран президенті жұма күні отандастарына үндеуінде.

Сонымен бірге Роухани егер әлемдік державалар «басқа жолмен жүруді ұйғарса», онда Иранға да өзге әрекетке көшетіндей мүмкіндіктер барын ескерткен.

Иран мен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия бейсенбі күні Швейцариядағы келіссөздерде Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты «негізгі мәселелер» бойынша алдын ала келісім жасасқан. Иран халқы бұл жаңалықты қуана қарсы алды.

Алдын ала келісім Тегеранның ядролық бағдарламасына шектеу қояды. Өз кезегінде АҚШ, Еуропа Одағы және БҰҰ бұған дейін Иранға салынған санкцияларды алып тастауға келіскен. Бұл санкциялар Иран экономикасына өте ауыр тиген еді.

Тараптар маусым айының соңына дейін түпкілікті келісім жасасуы тиіс.

XS
SM
MD
LG