Accessibility links

Тәжікстанда көшкіннен он адам мерт болған


Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысындағы биік таудағы елді мекендердің бірі. (Көрнекі сурет)

Тәжікстанның Таулы Бадахшан облысындағы биік таудағы елді мекендердің бірі. (Көрнекі сурет)

Тәжікстанда көшкін салдарынан 10 адам қаза болып, тағы бірнеше адам көшкін астында қалған. Бұл туралы осы елдің төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Интерфакс агенттігі хабарлады.

Төтенше оқиға сәуірдің 3-і күні Душанбеден 50 шақырымдай жердегі Файзобод ауданында болған. Көктемгі шаруашылық жұмыстарына суару арнасын дайындап жатқан жұмысшыларды көшкін басып қалған.

Территориясының 93 пайызы таулы аймақта орналасқан Тәжікстанда жыл сайын көктемде көшкін, тасқын және басқа да табиғи апаттардан адамдар құрбан болады. Бұл жолы тауда жауған нөсер салдарынан көшкін жүрген.

Тәжікстанда жыл басынан бері қар көшкіні мен таудан құлаған тастар он адамды мерт қылған.

XS
SM
MD
LG