Accessibility links

Кенияда коллежге шабуылға күдікті бесеу ұсталған


Жедел жәрдем қызметкерлері коллежге шабуылда зардап шеккен студентке көмектесіп жатыр. Гарисса, Кения, 2 сәуір 2015 жыл.

Жедел жәрдем қызметкерлері коллежге шабуылда зардап шеккен студентке көмектесіп жатыр. Гарисса, Кения, 2 сәуір 2015 жыл.

Кения полициясы Гарисса қаласындағы коллежге жасалған шабуылға қатысы бар деген күдікпен бес адамды тұтқындаған. Бұл туралы елдің ішкі ісер министрі Джозэф Нкаисерри мәлімдеген.

Жергілікті полиция бұл шабуылды ұйымдастырған деген күдікпен жергілікті мектеп директорына іздеу жариялаған.

Сәуірдің 2-і күні коллежге содырлар жасаған шабуыл салдарынан 147 адам қаза тауып, 79 адам жараланған. Коллежді босату операциясы барысында шабуыл жасаған төрт адамның көзі жойылғаны хабарланды.

Кейін «Әл-Шабаб» экстремистік тобы бұл шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG