Accessibility links

Йеменнен алты қырғыз азаматы эвакуацияланған


Йемен астанасы Сана қаласындағы қарулы хуситтер жиыны. 1 сәуір 2015 жыл.
Йемен астанасы Сана қаласындағы қарулы хуситтер жиыны. 1 сәуір 2015 жыл.

Қырғызстанның алты азаматы Йеменнен Ресейге эвакуацияланды деп хабарлады Мәскеудегі қырғыз елшілігі.

Сәуірдің 3-і күні Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы Ресей азаматтарымен бірге Қырғызстанның алты азаматын Йеменнен Ресейге жеткізген. Қырғызстандықтардың төртеуі ұшақпен елдеріне ұшып кетті, тағы екеуі жақын арада Отандарына аттанады деп хабарлаған Ресейдегі қырғыз елшілігі.

Йеменде хуситтер қарулы жасағы 2 сәуірде елдегі екінші ірі қала және ең ірі порт – Аден қаласын Шестеро кыргызстанцев эвакуированы из Йеменабасып алған. Аден бұған дейін елден қашуға мәжбүр болған президент Абд-Раббу Мансур Хадиге жақтас күштердің бақылауында болған.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, хуситтер Аденге кірген соң қала орталығында орналасқан президент резиденциясын басып алған.

XS
SM
MD
LG