Accessibility links

Иванишвилидің үйі алдында наразылық шарасы өтті


Грузияның бұрынғы премьер-министрі Бидзина Иванишвили. Тбилиси, 4 ақпан 2014 жыл.

Грузияның бұрынғы премьер-министрі Бидзина Иванишвили. Тбилиси, 4 ақпан 2014 жыл.

Грузияның «Ұлттық қозғалысы» белсенділері Тбилисиде бұрынғы премьер-министр Бидзина Иванишвилидің үйі алдында наразылық акциясын өткізді деп хабарлайды «Эхо Кавказа» сайты. Шараға қатысушылар үй жанындағы ағаштарға Иванишвили басқаратын «Грузия арманы» партиясының сайлау алдындағы уәделері жазылған қағаздарды іліп қойған.

Акцияға қатысушылардың бірі Гога Онианидің айтуынша, бүгінгі акция, бұған дейін «Ұлттық қозғалыс» мәлімдегендей, биліктен 2012 жылы жұртшылыққа берген уәделерінің орындалуын талап ететін үздіксіз шаралардың бірі. «Бұл қағаздарда биліктің уәдесінен басқа бір де бір бөтен сөз жоқ» деген Оиани.

Наразылық акциясына қатысушылардың сөзінше, бүгін Бидзина Иванишвили қоғам оның берген уәделерін ұмытпағаны және оларды орындауды талап ететіні туралы құлағдар болған деп хабарлайды «ИнтерпрессНьюс».

XS
SM
MD
LG