Accessibility links

Немцовқа қойылған белгіні тағы бүлдірмек болған


Борис Немцов қаза тапқан жердегі марқұмның құрметіне қойылған заттар. Мәскеу, 28 наурыз 2015 жыл.

Борис Немцов қаза тапқан жердегі марқұмның құрметіне қойылған заттар. Мәскеу, 28 наурыз 2015 жыл.

Мәскеуде оппозициялық саясаткер Борис Немцов қаза тапқан жердегі марқұмның құрметіне қойылған заттарды қорғап жүрген еріктілер бүгін ол жерді SERB қозғалысы мүшелерінің ойранынан сақтап қалған. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісінде блогер Филипп Киреев хабарлаған. Оның сөзінше, көпір үстінде еріктілердің бірі бетінен соққы алған, екіншісінің үстіндегі сырт киімі жыртылған. Оқиға болған жерге полиция келгенімен, ешкімді ұстамаған.

SERB қозғалысының лидері Игорь Бекетов «Говорит Москва» радиосына бүгін берген сұхбатында, өз серіктерінің бірі «Немцов көпірі» деген жазуы бар белгіні алған соң еріктілердің бірі төбелес шығарған деп айтқан. Оның сөзінше, SERB белсенділері даулы жерге «Либералдар адам өлімін жарнамаға айналдырғысы келеді» деген жазу ілмек болған.

Бұған дейін SERB қозғалысы Немцов қаза тапқан жерде наурыздың 25-і күні болған ойранды мойындарына алатыны туралы мәлімдеген.

Наурыздың 28-іне қараған түні белгісіз біреулер ол жердегі барлық суреттер, гүлдер мен шырақтарды алып кеткен. Кейін жұрт саясаткердің құрметіне қойылған заттарды қайта қалпына келтірген.

Борис Немцовты ақпанның 27-і күні кешкісін Мәскеудегі Кремль маңында атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG