Accessibility links

А320 ұшақ апаты құрбандарын іздеу шарасы аяқталды


Germanwings жолаушылар ұшағы құлаған жерде жүрген құтқару-іздестіру тобы. Франция, 3 сәуір 2015 жыл.
Germanwings жолаушылар ұшағы құлаған жерде жүрген құтқару-іздестіру тобы. Франция, 3 сәуір 2015 жыл.

Франциядағы Альпі тауында Germanwings жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқандардың сүйектерін іздеу жұмыстары аяқталды. Франция билік өкілі Reuters агенттігіне ұшақ құлаған аймақтан табылған сүйектер ДНК-ны анықтау үшін сараптамаға жіберілетінін айтқан. Апат құрбандарының жеке заттарын іздеу жалғасып жатқаны хабарланды. Германияның Lufthansa әуе компаниясы апат болған жерден ұшақ қалдықтарын әкетуді ұйымдастырумен айналысып жатыр.

Қаза тапқандардың ДНК-сын туыстарының ДНК үлгілерімен салыстыру жұмыстары бірнеше аптаға созылады. Сәуірдің 4-і күні ұшақ құлаған жерге қаза тапқандардың жақын-туыстарының кезекті тобы келген.

Апатқа екінші ұшқыш Андреас Любицтің қатысы бар деген тергеу болжамына айғақ ретінде апат болған аймақтан табылған ұшақтың екі «қара жәшігінің» жазбалары мен Любицтің пәтерінен алынған деректер аталады.

Наурыздың 24-і күні Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып бара жатқан Lufthansa әуе компаниясының лоукостері Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы Альпі тауына құлап, ұшақтағы150 адамның барлығы қаза тапқан. Олардың арасында Қазақстанның үш азаматы болған.

XS
SM
MD
LG