Accessibility links

Ресей Йеменнен қазақстандықтарды алып шыққан


Қарулы хусит жасағы. Сана, 1 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қарулы хусит жасағы. Сана, 1 сәуір 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей Йеменнен кезекті ұшақпен алып шыққан адамдардың арасында Қазақстан азаматтары да бар деп хабарлады ресейлік «Новости» ақпарат агенттігі. Бірақ, олардың нақты санын айтпаған.

Мәскеу облысындағы Чкалов аэродромына сенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 22.55 кезінде ИЛ-62 ұшағымен жеткізілген 160-қа жуық адамның 31-і – балалар деп хабарланды. Ұшақта Ресеймен бірге Қазақстан, Украина, Өзбекстан, Армения, Беларусь, Йемен және Сирия азаматтары бары айтылады.

Бұдан соң бүгін Мәскеуге Йеменнен тағы бір ұшақпен және 160 адам (23-і - балалар) жеткізілген. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Йемен, Қырғызстан, Куба және Ирак азаматтары бар деп хабарланды.

Соңғы бірнеше күн ішінде Ресей ұшақтары Йеменнен 600-ге жуық адамды алып шыққан. Олардың көпшілігі балалар мен әйелдер екені айтылады.

Жұма күні Қазақстан сыртқы істер министрлігі Йеменде Қазақстан азаматтарынан эвакуация туралы өтініш түспегенін айтқан. СІМ дерегі бойынша, Омандағы консулдық есепте тұрған Қазақстанның бес азаматы - үш ересек және екі бала бар.

Сауд Арабиясы, Египет, Иордания және Парсы шығанағындағы тағы бірнеше мемлекет біріккен халықаралық коалиция Йеменнің көп бөлігі мен астанасын бақылауда ұстап отырған хуситтерге қарсы әскери операция жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG