Accessibility links

Жексенбіге қараған түні Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы түнгі клубта болған төбелес салдарынан бір адам қаза болып, біреуі жараланған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлаған.

«Бүгін түнде Теміртаудағы түнгі клубтардың бірінде келушілер мен күзетшілер арасында жанжал туып, травматикалық қару қолданылған. Оқиға салдарынан күзетшілердің біреуі жараланып, клубқа келгендердің бірі ауруханаға жетпей қайтыс болған» делінген облыстық ІІД ақпаратында.

Түнгі клубта болған оқиғаға қатысқандардың бәрі ұсталған. Қылмыстық істің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG