Accessibility links

Ресейдегі шеруде шығармашылық еркіндігін талап етті


«Шығармашылық еркіндігі үшін» шеруіне қатысушылар. Новосибирск, Ресей, 5 сәуір 2015 жыл.
«Шығармашылық еркіндігі үшін» шеруіне қатысушылар. Новосибирск, Ресей, 5 сәуір 2015 жыл.

Ресейдің Новосибирск қаласында бүгін өткен «Шығармашылық еркіндігі үшін» шеруіне бірнеше мың адам қатысқан. Митингте сөйлеген өнер қайраткерлері, ғалымдар мен қоғам белсенділер Новосибирск опера театрындағы «Тангейзер» қойылымына қатысты билік шешіміне наразылық білдірген.

Олар шығармашылық еркіндігі мен сөз бостандығына қысымды тоқтатуды, театр репертуарына қойылымды қайтаруды және театрға бұрынғы директоры Борис Мездричті қызметіне қайта қоюды, сонымен бірге, Ресей мәдениет министрі Владимир Мединскийді отставкаға жіберуді талап етіп Ресей президенті Владимир Путинге үндеу қабылдаған.

Новосибирск және Бердск митрополиті Тихон жергілікті театрда 2014 жылы желтоқсанда қойылған неміс композиторы Рихард Вагнердің «Тангейзер» операсы діни сезімді қорлайды деп прокуратураға арыз берген. Қойылым режиссері Тимофей Кулябин мен театрдың сол кездегі директоры Борис Мездричтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, сот оларды іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан ақтаған. Бірақ, кейін Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский Мездричті қызметтен алып тастаған. Оның орнына тағайындалған жаңа директор «Тангейзерді» театрда қоюға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG