Accessibility links

Чехия президенті АҚШ елшісі сөзіне пікір білдірді


Чехия президенті Милош Земан.

Чехия президенті Милош Земан.

Чехия президенті Милош Земан өзінің Мәскеуге сапарына қатысты пікір білдірген АҚШ елшісі Эндрю Шапироны "көргісі келмейтінін" мәлімдеді. АҚШ елшісі өткен аптада "Земанның Еуропа Одағы елдері басшылары арасынан жалғыз барып, Мәскеудегі 9 мамыр күні өтетін Жеңіс күні парадына қатысқаны ыңғайсыз болар еді" мәлімдеген еді.

Parlamentni Listy сайтына берген сұхбатында Земан "Чехияның Вашингтондағы елшісі АҚШ президентінің қай елге барып, қайда бармай керек екенін жөнінде кеңес бермеген болар еді" деген.

Земанның баспасөз қызметі ақпарат құралдарына "Чехия президентінің АҚШ елшісімен кездесу жоспары жоқ екенін, бірақ елшінің Прагада өтетін әлеуметтік іс-шараларға қатыса беретінін" айтқан. АҚШ елшілігі әзірге Земанның мәлімдемесіне қатысты түсінік бермеді.

Еуропа Одағы елдері басшыларының көпшілігі Ресейдің Қырымды аннексиялап алуы мен Шығыс Украинадағы қақтығысқа араласуына байланысты Мәскеуде 9 мамыр күні өтетін Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 70 жылдығына арналған парадқа қатысудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG