Accessibility links

"Талибан" Молла Омардың өмірбаянын жариялады


"Талибан" қозғалысының жетекшісі Молла Омар.
"Талибан" қозғалысының жетекшісі Молла Омар.

Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы жетекшілері Молла Омардың биографиясын жариялады. Кітап 10 жылдан астам уақыт көрінбей кеткен Молла Омар "өліп қалған" деген әңгімелер пайда болған тұста жарияланып отыр.

5 мың сөзден тұратын Молла Омардың биографиясы "Талибан" қозғалысы сайтында жарияланды. Сайтта "өмірбаян Молла Омардың билікке келгеніне 19 жыл толуына орай жарияланды" деп жазылған.

Кітапта Молла Омардың 1960 жылы Кандагар уәлаятының Чах-и-Химмат елді мекенінде туғаны және Хотак тайпасының Томзи руынан шыққаны айтылған. Онда "Талибан" басшысының жақсы көретін қаруы - RPG-7 деп аталатын танкіге қарсы қол гранатометі" екені көрсетілген.

Кітапта Молла Омардың әкесі Мулави Гулам Наби жайлы "құрметті зиялы әрі қоғамға белгілі тұлға" деп жазылған. Оның ұлы (Омар) бес жасқа толғанда қайтыс болғаны айтылады. Оның өлімінен соң отбасы Урузган уәлаятына көшіп барған. Молла Омардың медреседе оқығаны, бірақ Совет Одағы Ауғанстанға басып кіргеннен кейін оқуын тастап кеткені айтылады.

Кітап авторлары "Молла Омар жиһадшылардың іс-қимылын мұқият қадағалайды", бірақ оны "жаулары үнемі аңдиды" дейді.

Молла Омар 13 жылдан бері көпшілік алдында көрінбей кеткен. "Талибанның" кейбір жақтастары соңғы кезде басқа экстремистік топтар қатарына өткен.

XS
SM
MD
LG