Accessibility links

Беларусьте тұтыну тауарларын қымбаттату тыйымы жойылды


Беларусь үкіметі тұтыну тауарларының көтерме бағасын қымбаттатуға өткен жылдың желтоқсан айында салынған тыйымды жойды. Бұл туралы шешім мемлекеттік құқықтық интернет-порталда жарияланды.

Өткен жылдың желтоқсанында Беларусь валютасы 40 пайызға құлдырағанда үкімет тұтыну тауарларының бағасын қымбаттатуға тыйым салатын қаулы қабылдаған.

Наурыздың 16-сында Беларусь сауда министрінің орынбасары Ирина Наркевич баға саясатын біртіндеп либерализациялау жоспарланып отырғанын және таяу арада тыйым алынып тасталатынын мәлімдеген.

Наркевич Беларусьте "заң бағаның еркін түрде белгіленуіне мүмкіндік бергенімен, ол негізсіз болмауы тиіс" екенін және министрлер кеңесі бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы ғана бақыланатынын" айтқан.

Беларусь тауар өндірушілер одағы бұған дейін бірнеше рет үкіметке тауар бағасына салынған тыйымды алып тастауды сұрап шағымданған. Бизнесмендердің пікірінше, бағаға бақылау көптеген кәсіпорындардың шығынға батуына, өндірістің құлдырап, жалақы көлемінің азаюына әкеліп соқтыруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG