Accessibility links

Грекия Халықаралық валюта қорына қарызын төлемек


Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис.
Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис.

Грекия Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) несие бойынша қарызын осы аптада төлеуге уәде берді. ХВҚ мәлімдеуінше, Грекия қаржы министрі Янис Варуфакис Вашингтонда ХВҚ директоры Кристин Лагардпен кездесуінде "Афин қарыздың 450 миллион еуросын 9 сәуірге дейін төлейтінін" айтқан.

Грекия 7,2 миллиард еуро көлеміндегі соңғы жеңілдетілген несиені беруді кешеуілдеткен халықаралық несие берушілермен күрделі келіссөз жүргізіп жатыр. Афин несие берушілер тым болмағанда несиенің бір бөлігін беріп, елді дефолттан құтқарады және мемлекеттік қызметкерлер жалақысы мен зейнетақыны төлеуге мүмкіндік туады деп үміттенеді.

Кристин Лагард "екіұдайлықтың сейілмей тұруы Грекия мүддесіне сай келмейтінін" мәлімдеді.

Грекия 2010 жылдан бері дағдарыстан шығу үшін Еуропа Одағы елдері мен Халықаралық валюта қорынан 240 миллиард еуро көлемінде жеңілдетілген несие алған. Афин несие алу үшін елде бюджетті қатаң үнемдеу саясатын жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG