Accessibility links

Астана "Естелік эстафетасы" акциясын өткізді


"Отан қорғаушылар" монументідегі Мәңгілік алаудың бір бөлігін Санкт-Петербургтегі Мәңгілік алауға жіберу үшін арнайы капсулаға салу салу сәті. Астана, 6 сәуір 2015 жыл.
"Отан қорғаушылар" монументідегі Мәңгілік алаудың бір бөлігін Санкт-Петербургтегі Мәңгілік алауға жіберу үшін арнайы капсулаға салу салу сәті. Астана, 6 сәуір 2015 жыл.

Бүгін Астанада Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске 70 жыл толуына арналған "Ескелік эстафетасы" акциясы өтті. Акцияға ТМД-ға мүше елдердің ардагерлері, депутаттары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара қаладағы "Отан қорғаушылар" монументіне гүл қоюмен басталды. Бұдан соң арнайы капсулаға Ресейдің Санкт-Петербург қаласына апарылатын алау салынды.

"Естелік эстафетасы" акциясы биыл наурызда Минскіде басталған. Кейін бұл акция Баку, Кишинев, Ереван, Бішкек, Душанбе және Мәскеуде өтті.

Акция 16 сәуірде Санкт-Петербургте аяқталады. Мұндағы акцияда бұрынғы одақтас елдерден қатысушылар "Мәңгілік алаудың" бөліктерін ТМД елдерінің үлкен бір алауына біріктіреді. Кейін бұл алау Санкт-Петербургтегі мемлекеттік мұражай филиалына беріледі.

XS
SM
MD
LG