Accessibility links

Ресей оппозициясы Мәскеуде шеру өткізуге өтініш берді


Ресейдегі оппозиция шеруін ұйымдастырушылардың бірі Александр Рыклин.
Ресейдегі оппозиция шеруін ұйымдастырушылардың бірі Александр Рыклин.

Ресей оппозициясы бүгін Мәскеу мэриясына 19 сәуірде қала орталығында шеру мен митинг өткізуге өтініш берді.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі Александр Рыклиннің сөзінше, өтініште шеру өткізетін бірнеше маршрут көрсетілген. Олардың негізгісі - Трубной алаңынан Революция алаңына дейін шерулетіп жүріп өту. Тағы бір нұсқада бульварлар арқылы жүру сұралған.

Рыклин бұған дейін "Интерфакс" агенттігіне оппозиция акцияны Мәскеудің орталығынан қала шетіне қарай, мысалы Марьино ауданына ауыстыруға келіспейді деген. Оның айтуына қарағанда, ұйымдастырушылар билікке ешқандай талап қойып отырған жоқ, тек азаматтарға үндеу тастамақ.

Болжам бойынша, шеру форматы мен тақырыбы жағынан оппозиция 1 наурызда өткізуді жоспарлаған "Весна" маршымен ұқсас. "Весна" маршы оны ұйымдастырушылардың бірі, оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың қазасына байланысты өтпей қалған.​

XS
SM
MD
LG