Accessibility links

Царнаев сотында тараптар соңғы сөзін айтады


Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты айыпталған Джохар Царнаев.

Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты айыпталған Джохар Царнаев.

Бостон марафонындағы жарылысты ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаевтың ісі бойынша Массачусетс штатында өтіп жатқан соттың бүгін соңғы тыңдауы өтеді.

Бүгін сотта айыптау жағы мен қорғаушылардың соңғы сөзі тыңдалып, үкім шығаруға дайындық басталады. 21 жастағы Царнаевтың адвокаттары Царнаев марафон мәреге жетер тұсқа қолдан жасалған жарылғыш зат орнатып, жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланса да оған өлім жазасын кесудің қажеті жоқ деген ұстанымда.

Джохар Царнаев бұған қоса полицейдің өліміне қатысы бар деп те айыпталып отыр. Қорғаушылары 21 жастағы Царнаевтың радикалды ислам идеяларын сіңірген ағасы Тамерланның "ықпалында болғанын" дәлелдегісі келеді. Тамерлан терактіден бірнеше күннен соң полицямен атыста қаза тапқан

Царнаев айыпты деп танылса, алқа соты оны я рақымшылыққа ілігу құқығы берілмейтін өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына, я өлім жазасына кеседі.

Марафондағы жарылысты тергеу ісіне кедергі келтірді деген айыппен АҚШ-тағы қазақстандық студенттер, Джохар Царнаевтың танысы Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев та сотқа тартылған. Олар да 2013 жылдың сәуірінен бері қамауда отыр. Оларға қатысты үкім биыл шығып қалуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG