Accessibility links

БҚО-да автобус апатынан 4 адам қаза тапты


Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, алдын-ала мәліметтер бойынша төрт адам қаза тапты деп хабарлайды Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Ішінде 65 жолаушы отырған автобус Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында Шымкент-Самара жолының 1927 километрінде 6 сәуір таңертең көпірден өтіп бара жатып аударылып кеткен. Қаза тапқан төрт адам да Өзбекстан азаматтары деп хабарланды.

Жараланған 24 адам Сырым және Теректі аудандарының орталық ауруханалары мен облыстық клиникалық ауруханаға апарылған.

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG