Accessibility links

Белсендінің шағымы бойынша сотқа прокуратура өкілін қосуға шешім шықты


Төреғожинаның шағымы бойынша сот. Оң жақта отырған адвокат Жанар Балғабаева. Астана. 6 сәуір 2015 жыл.

Төреғожинаның шағымы бойынша сот. Оң жақта отырған адвокат Жанар Балғабаева. Астана. 6 сәуір 2015 жыл.

Бүгін, 6 сәуірде Астанадағы Сарыарқа аудандық соты азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожинаның Қазақстан қаржы министрлігінің үстінен түсірген шағымы бойынша қаралып жатқан іске бас прокуратура өкілдерін де қосу туралы шешім шығарды.

Төреғожина "азаматтық құқығым бұзылды" деп қаржы министрлігін сотқа беріп, олардан 100 миллион теңге моральдық шығын мен 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуді талап еткен.

Істі қарап жатқан судья Арман Жүкенов істі жаңа деректер шыққандықтан үшінші жақ ретінде бас прокуратураны араластыру туралы шешім шығарғанын айтты.​

Төреғожина 6 сәуірде өткен сотқа қатысқан жоқ. Оның адвокаты Жанар Балғабаева бас прокуратурадан хат алғандықтан істі қарауды уақытша тоқтата тұруды сұрады.

"Біз әкімшілік соттың Төреғожинаға салған айыппұлын жоюды сұрап бас прокуратураға хат жазғанбыз. Олар бұл істі құзырлы органдар қарайтынын айтып, жауап берген. Сондықтан біз соттан істі тоқтата тұруды сұрадық" деді адвокат Азаттық тілшісіне.

Алайда судья адвокаттың өтініші қанағаттандырмады

2014 жылы қазанда БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық ұйымының төрайымы Бақытжан Төреғожинаның 2010 жылы бейбіт шеру ұйымдастырғаны үшін сот айыппұл салғанына наразылық танытып, Қазақстанды адам құқықтарын бұзды деп айыптаған. Комитет Қазақстаннан Төреғожинаға компенсация төлеуді талап еткен. БҰҰ комитетінің шешіміне сүйенген Төреғожина қаржы министрлігін сотқа берген.

Қаржы министрлігі бұл іске өздерінің қатысы жоқ екендерін, сотта Алматы қалалық ішкі істер департаменті мен шешім шығарған сот жауап беру керектігін айтып келеді.

2010 жылы 11 наурызда Төреғожина мен бірнеше адам Алматыдағы Махатма Ганди ескерткішінде флешмоб ұйымдастырып, тұрғындардан Қазақстанның рухани басшысы кім екенін сұраған.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG